Настройка зачисления на курс
Курс жайлы
Аталмыш курс «Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механикаландырылуы» 6B11302 "Логистика" (Көлік), 6В07106 "Көлік, көліктік техника және технологиялар" білім беру бағдарламасы студенттерінің тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы мен механикаландырылуы бойынша білім алып, оның қыр сырын біліп меңгеруге арналған.
Курстың мақсаты
«Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механикаландырылуы» курсы студенттерде жалпы көліктік және логистикада тиеу-түсіру және қойма жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыруға қатысу үшін қажетті білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыруға бағытталған.
Курс 5 модульден тұрады. Әр модуль келесілерден құралған:
- теория;
- тәжірибелік жұмыс;
- өзбетімен дайындалуға тапсырмалар тізімі;
- тест сұрақтары. Курс осы тақырыпқа қатысты Глоссарий және білімді өз бетінше толықтыруға арналаған әдебиеттер тізімімен аяқталған.
Курсты оқуда сәттілік тілейміз!!!
Автор: "Көлік техникасы және логистикалық жүйелер" кафедрасының аға оқытушысы Сұңғатоллақызы Айдана
- Учитель: Айдана Сұңғатоллақызы