Құрметті, оқырман, «Шахталарды салу кезіндегі маркшейдерлік қамтамасыздандыру» пәні бойынша құрылған жаппай ашық онлайн курсқа қош келдіңіздер!

Біздің курсқа қосылғандарыңызға өте қуаныштымыз!

Курс жайлы

Курс бес бөлімнен тұрады. Әр бөлім видео дәрістерден, дәріс конспектілерінен, практикалық жұмысқа арналған тапсырмалардан, тест тапсырмаларынан, негізгі ұғымдардан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Берілген курс жаппай ашық онлайн курсты құрастыруға арналған ұсыныстарға сай жасалған.

«Шахталарды салу кезіндегі маркшейдерлік қамтамасыздандыру» пәні бойынша құрылған жаппай ашық онлайн курс авторлары:
техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Қасымжанова А.Е.,
техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Жумадилова Д.К.,
техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Алданыш Ж.

«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы  «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының II корпусында орналасқан. Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/2, 415 аудитория, байланыс телефоны 56-26-27, e-mail: mdig_kstu@mail.ru.