«Қаржы және несие» курсы - негізгі пәндер циклінде элективті, экономикалық қызмет саласында жоғары білікті мамандарды қалыптастыратын оқу пәндері арасында маңызды орын алатын теориялық пән.

«Қаржы және несие» пәнін оқудың мақсаты – болашақ мамандардың ақша, қаржы, несие және банктер теориясы саласындағы заманауи іргелі білімдерін қалыптастыру, олардың мәнінің, функцияларының, заңдарының теориялық аспектілерін зерттеу, қаржы саласында болып жатқан процестерді түсіну.

Курсты зерделеу міндеттері:

- ақша айналымының заңдылықтарын игеру;

- қаржының мәнін және олардың қазіргі шаруашылық тетіктегі рөлін қарастыру;

- ақша мен кредиттің жұмыс істеуінің практикалық мәселелерін жан-жақты меңгеру;

- Қазақстан Республикасында қаржы және кредит қатынастарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерделеу.

Бұл пән бакалавриаттың экономикалық мамандықтарының студенттеріне ұсынылады.