«Материалдарды термиялық өндеу» пәні материалдарды термиялық өңдеу машиналар мен механизмдердің тетіктерін жасаудың технологиялық үрдісінің құрама бөлігі болып табылады. Материалдарды термиялық өңдеудің технологиясын дұрыс таңдау тетіктің қасиетін айтарлықтай жақсартып, конструкциялық  және технологиялық беріктігін арттырады, жаппай өндіріс жағдайында оптималды берілген қасиеттерімен бұйымдар алуға мүмкіндік беріп, материал шығынын және электр көзін үнемдеп, материалдарды термиялық өңдеу үрдісін автоматтандырды.

Пәннің міндеттері келесідей:

-       өнімнің сапасын жоғарылатуда, бұйымның металдық сиымдылығын төмендетуде, жаңа прогресті технологияларды қосу мен өндірістің құрылымдарын жүзеге асыруда термиялық өңдеудің рөлін тұрғызу қажет;

-       термиялық өңдеудің технологиялық процестерін жүзеге асыру мен өңдеу, омл болашақта еңбек өнімділігін, өнімнің өз құндылығын, материалдық және энергетикалық ресурстарын экономдауын анықтау;

-       термиялық өңдеудің түрлері туралы, құрылымдарды қалыптастыру металдық негіздері және дайындамалардың қажетті қасиеттері мен металлургиялық және машинажасау мекемелеріндегі бөлшектер туралы түсінігі болу керек;

-       металдар мен қорытпалардың химика-термиялық және термиялық технологиясы мен теория негіздерін; жылулық агрегаттарында қатты металдық денелердің қызуы мен суытылуы, ішкі кернеулердің көзі мен өңдеу кезіндегі бұйымдардың деформациясын; термиялық цехтердің жабдықтарының қазіргі заман конструкциясы, зертханалық қондырғылар мен бақылау үшін сынау машиналары, термиялық өңдеуден кейінгі өнімнің аттестациясы туралы білу керек.