«Қазақ тілі (кәсіби)» пәні негізгі пәндер циклының университеттік компонентіне  кіреді. Курсты оқу кәсіби ойлау ерекшеліктерін ескере отырып, нақты кәсіби және іскерлік салаларда және жағдайларда қарым-қатынас қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны кәсіби қарым-қатынастың типтік жағдайларынан тұратын танымдық-лингвомәдениеттану кешендері түрінде ұсынылған.

«Қазақ тілі (кәсіби)» пәнін барлық мамандық бойынша орыс тілінде оқитын магистранттардың қазақ тілінде білім алуы үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатында оқиды.