https://edu.kstu.kz/pluginfile.php/137535/course/summary/2tKllITUq30.jpg?time=1695534893756

Пәннің сипаттамасы

«Көлік кәсіпорындарының инфрақұрылымы»  пәні 6B07106 «Көлік, көліктік техника және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды дайындауға арналған білім ордасының бейінді (таңдау бойынша компонент) пәндердің циклына кіреді.

Пәнді оқытудың мақсаты

«Көлік кәсіпорындарының инфрақұрылымы» пәні  автомобиль көлігі кәсіпорындарын жобалау саласында студенттердің білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән көлік кәсіпорындары мен қызмет көрсету станцияларын жобалау саласындағы бакалаврлардың теориялық және практикалық дайындығының негізін құрайды. Курс мынадай бөлімдермен ұсынылған: автомобиль көлігі кәсіпорындарын жобалау тәртібі; технологиялық есеп; көлемдік-жоспарлау шешімі; өндірістік аймақтарды, учаскелер мен қоймаларды технологиялық жоспарлау; бас жоспар. 

Пәннің міндеттері

Пәннің міндеттері келесідей:

- автомобиль көлік өндіріс - техникалық базаны толық жетілдіруі туралы;

заманауи отандық және шетелдік АКК туралы;

өндірісті басқарудың және шешімдер қабылдаудың бағдарламалы мақсатты әдістері;

көлік және көлік жабдықтарын пайдаланудың техникалық деректері,  көрсеткіштері мен нәтижелері;

жұмыс орындарын техникалық жабдықтау және ұйымдастыру, өндірістік қуаттарды, бағдарламаларды есептеу және жабдықтарды жүктеу.