«Технологиялық машиналарды жөндеу» курсының мақсаты:

- Студенттерді қайта қалпына келтіру шараларын іске асыруға үйрету;
- Зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау барысында шығармашылық тұрғыдан ойлануға дағдыландыру;
- Оқудың заманауи құралдары жəне тəсілдерін қолдану;
- Жөндеуге минималды еңбек шығындарын жəне құралдарды пайдалануға ұмтылу;
- Ғылыми жəне техникалық жетістіктерін енгізізе білу;
- Жөндеу‐қызмет көрсету персоналына жəне пайдаланушыларға техникалық білімдерді бере алу.

Технологиялық машиналарды жөндеу курсының негізгі міндеттері:

- технологиялық жабдықтарды жөндеуді ұйымдастыру және инженерлік қамтамасыз етуді;
- тозған бөлшектерді қалпына келтіру технологиясын;
- машиналар мен агрегаттардың түйіндеріндегі ақауларды анықтауды;
- білім алушыларға жабдықтарды жөндеу және оны пайдалану кезінде қажетті практикалық дағдыларды үйрету болып табылады.

Курс нәтижесінде білім алушылар танысады:

- Тау-кен жабдықтарыныңың жұмыс жасау жағдайлары мен олардың тозу түрлерін;
- Машиналарды және агрегаттарды жөндеуді ұйымдастыруды;
- Жөндеу жұмыстарын жүргізуді;
- Тозған бөлшектерді қалпына келтіру технологиясын;
- Жөндеу-пайдалану материалдарын сақтау ережелерімен.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер меңгереді:

- Тау-кен жабдықтарын жөндеудің барлық түрлерін жоспарлауды;
- Жабдықтардың істен шығуына диагностика жүргізуді;
- Жөндеу және пайдалану туралы құжаттамаларын жасауды;
- Жөндеу жұмыстарын механикаландыру және жабдықты жаңарту құралдарын жобалау бойынша ұсыныстар жасауды.

Курсты оқығаннан кейін білім алушы:

- Технологиялық машиналарды жөндеу саласында нормативті құжаттардың талаптарын қолданады;
- Арнайы және анықтамалық әдебиеттерді таңдайды және қолданады;
- Технологиялық машиналардың әр түрлі талаптарға сәйкес жіктейді;
- Технологиялық машиналарды жөндеу әдістерін нақты таңдайды;
- Жөндеу әдістері туралы меңгерген теориялық білімдерін практика жүзінде қолданады;
- Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік техникасын сақтайды;
- Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында қойылатын талаптарды сақтайды;
- Өнімді және ұтымды нәтижеге ие болу мақсатында жөндеу түрлерін дұрыс таңдайды;
- Жөндеу жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жөндеу әдістерін әзірлейді.