Бұл химия-термиялық өңдеу курсы болаттар мен қорытпаларды  өңдеудің қысқаша теориясы мен технологиясының негіздері мазмұндалған, сонымен қатар әр түрлі беттік қанықтыру кезінде диффузиялық қабаттардың құрылымы мен қасиеттерінің қалыптасуын зерделеу бойынша лабораториялық жұмыстардың циклі келтірілген. Машина жасауда кең қолданылатын, бұйымдарды цементтаудың, азоттаудың, карбонитрациялаудың, борлаудың, хромдаудың және ионды химия-термиялық өңдеудің процестері сипатталған.