´Пәннің мақсаты мұнай және газ өндіру, ұңғымалар мен мұнай-газ кәсіпшілігі жабдықтарын пайдалану және технологиясы саласында білім алу болып табылады. Оқу курсы кен орындарын ашу, қабатқа әсер ету, "ұңғыма-қабат" жұмыс режимін таңдау дағдыларын қалыптастырады. Пән мұнай мен газды алу кезіндегі қабат процестерін; сұйықтықты көтеру тәсілдерін; ұңғымаларды зерттеу және жөндеу әдістерін зерттеуге бағытталған.
´
´Курсы аяқтағаннан соң, ақпаратты талдауды, математикалық талдау, модельдеу әдістерін пайдалана отырып, мұнай-газ операцияларын, мұнай-газ ұңғымаларын пайдалану тәсілдері туралы теориялық білімді түсіндіре алатын боласыздар, кәсіпшілік қондырғылар мен құрылыстардың конструкциясын сипаттай, ұңғымаларды игеру режимдерінің көрінісін және ұңғымаларды пайдаланудың тиісті тәсілдерін, математикалық теңдеулерді қолдана отырып, жерасты гидромеханикасының заңдарын пайдалана отырып, газ және газ конденсаты кен орындарын игеруді дәлелдей, еңбекті қорғау және мұнай-газ операцияларын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасын ата алатын боласыздар

Бұл пәнде алынған білім «Газ және газконденсатты кенорында игеру»  және «Қабаттардың мұнайберілісін арттыру әдістері» пәндерін меңгеру кезінде қолданылады.

Жалпы мұнай және газды өндіру техникасы оны өндірудің технологиясына байланысты. Мұнай өнімін өндірудің осы уақытта белгілі 4 ретінің біріншісі мен екіншісі реттері осы курста қарастырылмақ.