Биотехнологиялық процесстерді көбінесе асептикалық талаптар бойынша жүргізеді. Асептика- бұл бөтен микроорганизмдердің ортаға түсуін алдын алуға бағытталған әдістердің жиынтығы. Асептика бөлмені құрғақ тазалау, ультракүлгін сәулесімен оларды залалсыздандыру, антисептикалық әдістермен, стерильді құралдарды қолдану, технологиялық киімдер, стерильді ауаны жіберу жатады.