Курс сипаттамасы

«Тау-кен машиналары 1» бейінді пәндер циклін таңдау бойынша пәндердің бірі болып, студенттерден толық өздігінен қайтарып беру ретінде нақты ғылымдарды терең білумен үйлесуін,  кен өндірісінің ғылыми-техникалық маңызын тануға ұмтылу, кен өндірісінің дамуына өзіндік үлес қосуды талап етеді.

 

Курстың мақсаты

«Тау-кен машиналары 1»  курсының мақсаты болып жоғары білікті мамандарды дайындау үшін студенттерді тау-кен техникасының жасалу тарихымен, тау-кен машиналарының принципті сұлбасымен және сәйкес орналастыруды жетілдірумен, тазарту және даярлау жұмыстарын кешенді механикаландыру құралдарының қазіргі кездегі күйімен және әрі қарайғы дамыту перспективасымен таныстыру керек.

 

 Курс міндеттері

«Тау-кен машиналары 1» курсын оқу нәтижесінде студент білу керек:

- дайындау және тазарту жұмыстарын механикаландыру бойынша ТМД елдері және алыс шетелдердегі ғылым мен техниканың жетістіктері болуы керек;

- тағайындау, қолдану саласын, әрекет ету принципін, кен машиналары мен кешендердерде қолданылатын әртүрлі типті конструкцияларды білу керек;

- кен машиналарының жұмыс құрал-сайманында жүктемені есептей білуі, кинематикалық және беріктік есептеулерді жүргізе білуі; тау-кен жұмыстарын кешенді механикаландыру құралдарын негізді таңдай білуі, олардың техникалық мүмкіндіктерін анықтай білуі, тау-кен машиналарын тиімді қолдана білу қажет.