Курстың мақсаты Қазақстанның қазіргі заман тарихын оқып меңгеру негізінде білім алушылардың тарихи, қоғамдық санасын, отансүйгіштік қасиеттерін, азаматтық көзқарасын қалыптастыру, ұлттық идеологияны дамыту болып табылады. 

Курс бакалавриаттың барлық мамандықтарының білім алушыларына арналған. Курс шеңберінде Қазақстанның қазіргі заман тарихының негізгі кезеңдері туралы шынайы, толық білім беру, Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуында тарихи үрдістердің үздіксіздігі мен сабақтастығына тыңдаушылардың назарын аудару көзделген. Білім алушылардың құзыреттіліктерін арттыру, біліктілікке бағытталған оқытуды жүзеге асыруда тірек-сызбалар, салыстырмалы кестелер, хронологиялық кестелер қолданылды. Онлайн-курс 15 тақырыптан тұрады, әр тақырып мыналарды қамтиды:

• бейне-дәріс;
• дәріс мәтіні;
• өзін-өзі бақылауға арналған тест тапсырмалары;
• ұсынылатын әдебиеттер тізімі;
• ұғымдар;
• тұлғалар жайында қысқаша мағлұматтар.