Деректер қорының қауіпсіздігі" курсы қазіргі заманғы деректер қорын басқару жүйелерінің құралдарымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында базалық білім беруге мақсат етіп қояды.

Курстың міндеттері:

  • деректер қоры қауіпсіздігінің заманауи тұжырымдамаларын меңгеру;
  • деректер қорын қорғаудың практикалық дағдыларын алу;
  • деректер қорын басқарудың таратылған жүйелерінде қорғаныс құралдарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтауды үйрену;
  • деректер қорын қорғау механизмдерінің сенімділігін бағалау критерийлері мен әдістерін зерттеу.