«Жүк және коммерциялық жұмыстарды  ұйымдастыру» пәні базалық пәндер қатарына кіреді (міндетті компонент) және 6B11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды  ұйымдастыру»  білім беру бағдарламасының негізгі пәні болып табылады.

Курстың мақсаты:

Жүктердің жекелеген қасиеттеріне сәйкес оларды тасымалдауға дайындау, қаптау, сақтау және тасымалдау ерекшеліктерін ескере отырып жүктік және  коммерциялық жұмыстарды жүзеге асыруды меңгеру.

Курсты оқу нәтижелері

1.   Теміржол көлігінде жүктік және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру негіздері мен жүктерді тасымалдауға қабылдауды, дайындауды, маркировкалауды және жүктің сапасын тексеру әдістерін,  жүктік стансалардың жіктелуі, жүк қоймаларының негізгі көрсеткіштерін бағалауды, вагонды нөмерлеу жүйесін біліп шығады;

2.   Тасымалдауды жоспарлау және ұйымдастыру жұмыстарын, ерекше сипаттағы жүктердің сипаттамасы мен оларды сақтауды, тасымалдауды, құжаттарын рәсімдеуді, қауіпсіздік ережелерін біліп шығады;

3.   Стансалар мен вокзалдардың жұмыс көрсеткіштерін шартты ұпайлар арқылы бағалап, олардың жұмысының күрделілігі мен көлемін көрсететін сыныбын анықтауды,  жүк тиеудің техникалық нормасы мен вагоннның статикалық жүктемесін есептеуді,  салмақ өлшегіш құрылғыларының түрлерімен және олардың жұмыс принциптерімен танысып, жүк түрлеріне сәйкес вагондарды өлшеу шарттары мен вагон таразысының өткізгіштік қабілеттілігін есептеуді біліп шығады;

4.   Жабық қоймада жүкті сақтаудың шарттарымен, мерзімдік уақыттарымен танысып, жабық қойманың негізгі көрсеткіштерін есептеуді  және ГУ-1 есептік карточкасы толтырып, жөнелтушілік маршруттың күнтізбелік жоспарын құрастыруды, тасымалдауды маршруттау жоспарының орындалуын талдап, есептік құжаттамалармен жұмыс істеуді біліп шығады;

5.   Габаритсіз жүктің сипаттамасы мен тасымалдау ерекшеліктерін, метал бұйымдарды вагонға тиімді жолмен тиеу шартын, астық тұқымдас жүктерді сақтау, тасымалдау шарттарын,   үйілмелі және себілмелі жүктерді қоймалап тиеп-түсіру ерекшеліктерін,  орман материалын тасымалға дайындап, тиеуге қатысты шарттарды меңгеріп,   жан-жануарларды тасымалдау талаптарын,  контейнерлердің түрлері мен негізгі есептік параметрлерін, контейнермен жүк тасымалдаудың тиімділігін біліп шығады.