«Жоғары мектеп педагогикасы» пәні базалы пәндерінің міндетті циклына жатады.

 Пәннің мақсаты

«Жоғары мектеп педагогикасы» пәні - жоғары мектеп окытушыларына негізгі кәсіби- педагогикалық мәдениетті меңгерту және болашақ оқытушыларды жалпы мәселелермен және жоғары  мектеп педагогикасының теориялық және әдіснамалык негіздерімен, қазіргі заманғы талдау, оқыту мен тәрбиелеуді жоспарлау, ұйымдастыру технологияларымен, ЖОО білім беру үдерісінде окытушы мен студенттің өзара әрекетінің субъект-субъектілі, қарым-қатынас технологиясымен таныстыру.

Курс бойынша меңгеруі тиіс:

•      педагогика ғылымы мен қазіргі жоғары білімнің өзекті мәселелерін;

•      ЖОО - да окытушының педагогикалық әрекетінің мәнін;

•      болашақ маманды кәсіби даярлауда пәндік білімінің рөлін;

•      кәсіби әрекеттің субъектісі ретінде өзінің кәсіби әрекетін талдау және оөзіндік анықтау қабілетін.

Игеру керек:

•      педагогикалық теориялар, түсіндірмелер, жобалау және даму заңдылықтарына сүйене отырып, қоршаған орта шындығынан педагогикалық фактілерді, құбылыстарды, жағдаяттарды бөліп алып, оларға педагогика ғылымының тілінде сипаттама беру;

•      оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамаларына негізделе отырып, оқу-тәрбие үдерісін кұрастыру;

•      оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде шығармашылықты – дамыту ортасын жасау.

Сіздің алатын дағдыларыңыз:

•      педагогикалық жоғары білім беру мен оны әрі қарай дамыту;

•      ЖОО-дағы оқытудың тиімді технологияларын пайдалану;

•      педагогикалық коммуникативті өзара әрекеттестіктің негізгі түрлерінде бақылаусыз окытудың құралдары мен технологияларында;

•      өзекті психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешу, қол жеткізілген нәтижелерді бағалауда;

•      магистранттар іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқаруда;

Барлық мамандық магистранттарына арналған.